Басты жаңалық

Қала әкімі жылу нысандарының жұмысын тексерді

Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев жылыту маусымының барысын бақылау мақсатында ЖЭО-1, РК-1, РК-3, сондай-ақ «Орталық» және «103, 103А» қазандықтарын аралады.

Әкім нысандардың техникалық жағдайына, жабдықтардың жүктемесіне және жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударды. Мамандар жылу беру көрсеткіштері мен маусымның өту барысы туралы баяндады.

Қыс мезгілінде бұл нысандарда 600-ге жуық қызметкер тәулік бойы еңбек етеді, ал жаз айларында 400 маман жөндеу жұмыстарына тартылады.

«Жылыту маусымы басталғанына бір айдан асты. Жұмысты бәсеңдетуге болмайды. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда жылу температурасын төмендетпеуіміз қажет», – деді Әділет Қожанбаев.

Сонымен қатар, қала басшысы тиісті мекемелерге жылу жүйесінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button