Басты жаңалықЗаң

Ереже бұзған кондуктор жазаланды

24 қараша №22 автобуста кәмелетке толмаған жолаушы интернеттің болмауына байланысты жолақысын уақытында төлей алмаған. Жасөспірім байланыс қалпына келгенше күте тұруды сұрағанымен, кондуктор кешкі уақытқа қарамастан қоғамдық көліктен түсіріп жіберген.

Кондукторға қатысты әкімшілік шара қолданылып, оған бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Полиция департаменті кәмелетке толмаған жолаушыларды қоғамдық көліктен түсіруге қатаң тыйым салынатынын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button