Басты жаңалықЗаң

32 келіден астам есірткі тәркіленді

Абай облысында 32 келіден астам есірткі тәркіленді. Бұл туралы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Семей қаласының 51 жастағы тұрғыны есірткі сақтау және сату күдігімен ұсталды. Күдікті өз үйінің ауласында  10 000 теңгеге марихуана орамасын сатып жіберген.

Кейін жүргізілген тінту барысында үйінен 32 келі 100 грамм қарасора, есірткі қалдықтары, арнайы жабдықтар және өзге де айғақтар тәркіленді. Сараптама заттардың барлығы есірткі екенін растады. Сонымен қатар медициналық тексерісте күдіктінің есірткі қолданғаны анықталды.

51 жастағы тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button