Басты жаңалықМәдениет

Атаукере студенттік театр сахнасында

Шәкәрім университетінің «Қарагөз» жастар театры көрерменге жаңа спектакльін ұсынды. Театр ұжымы жазушы Оралхан Бөкейдің «Атаукере» шығармасын сахналап, туындының мазмұнын бүгінгі күннің мәселелерімен сабақтастыра көрсете алды.

Қойылым адамның өмірлік таңдауы, рухани құндылықтардың өзгеруі және адам мен қоғам арасындағы байланыс тақырыптарын қамтыды. Оқиға желісі Таған, Айна және Ерік арасындағы жағдай арқылы ашылып, әр кейіпкердің ішкі күйі мен тағдыр жолы нанымды жеткізілді.

Басты рөлдерде:

Жанахмет Дулат (Таған), Қарасаева Мәдина (Айна), Бексұлтан Еребек (Ерік), Аружан Тәңірберген (Нюра апа), Ақмарал Нәсіпқазы (Бекзат) сахнаға шықты. Жас актерлер өз бейнелерін сенімді орындап, көрермен ықыласына ие болды.

Қойылымның режиссері — Еркебұлан Нұғыманов. Ал шығармашылық жұмысты қолдаған топ ішінде режиссер ассистенті Ерсабит Нұрқанат пен көркемдік жетекші Бектенов Ерғали Сәкенұлы бар. Сахналық шешім, көркемдік безендіру және музыкалық сүйемелдеу спектакльдің жалпы әсерін күшейтті.

«Қарагөз» жастар театрының бұл қойылымы студенттердің өнерге деген қызығушылығын, жауапкершілігін және кәсіби деңгейін көрсетті. «Атаукере» көрерменге ой салатын, мазмұны терең жұмыс ретінде есте қалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button