Басты жаңалық
Алғабаста су құбыры жаңарды

Алғабас ауылында ауыз су жүйесін жаңарту жұмысы толық аяқталды. Ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін су жүйесі «Семей-Водоканал» МКК арқылы қамтамасыз етіледі.
Су құбырының жалпы ұзындығы 7,5 шақырымды құрайды. Желіні толықтыру мақсатында 11 су колонкасы, 73 кольцо және 25 өрт гидранты орнатылды. Су жүйесі алғаш рет 1974 жылы пайдалануға берілген.
Жобаны іске асыруға 1 916,6 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда жүйеге 220 абонент қосылған.



