Басты жаңалық
Abay Life және Семей медицина университеті меморандумға қол қойды

Abay Life ақпараттық-танымдық порталы және Семей медицина университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл келісімнің мақсаты — өңір тұрғындары мен жастарға арналған сенімді ақпараттық кеңістік қалыптастыру, дәрігерлік ағарту жұмыстарын күшейту, ғылым мен медицинаны насихаттау және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау.
Ынтымақтастық аясында:
• сапалы медициналық және ағартушылық контент әзірлеу
• студенттердің қатысуымен ақпараттық жобаларды жүзеге асыру
• ғылыми жаңалықтар мен ресми деректерді тұрақты жариялау
• тұрғындар арасында денсаулық мәдениетін жалпыға түсінікті тілде насихаттау
Бұл меморандум — өңірдің ақпараттық дамуына және қоғамның денсаулық саласындағы сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам.



