Чемпиондар лигасындағы тартыс жалғасады: «Семей» Польшада

Бәріміз асыға күткен ойын келіп жетті. «Семей» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы жауапты матчы үшін Польшаға аттанды. Семейдегі алғашқы кездесу өте тартысты болды: есеп – 3:3. «Абай Аренада» 4 823 көрермен жиналып, клуб тарихындағы ең жоғары көрсеткіш тіркелді.

Енді сырт алаңда сын күтіп тұр.
Біздің жігіттер бұл кездесуде әр жанкүйердің қолдауын сезінгісі келеді.
Матч туралы ақпарат:
• Тікелей эфир: 22:50
• Матч басталуы: 23:00 (Астана уақыты)
• Өтетін жері: Гливице, Польша
• Трансляция: Qazsport
Семейдегі ойынды көргендер атмосфераның қандай болғанын жақсы біледі. Барлық трибуна толды, ойын көз ілестірмеді, эмоция да, күрес те жеткілікті болды. Енді соның жалғасы – сырттағы шешуші кездесу.
Ертең бәріміз «Семей» үшін жанкүйер боламыз!



