Денсаулық

Цифрлық ортадағы қысым

Кибербуллинг және цифрлық ортадағы гендерлік зорлық мәселесіне қатысты дөңгелек үстел өтті.

Жастар психологиясына көңіл бөліп жүрген сарапшылар интернеттегі зиянды әрекеттердің салдары мен оны алдын алу жолдарын түсіндірді.

 «Жас Асыл» Жастар денсаулық орталығының психологы Айгерім Алтынбекқызы кибербуллингтің психологиялық әсері және орталықтың рөлі туралы айтты.

Айсұлу Нұрланқызы цифрлық ортадағы гендерлік зорлық-зомбылықтың психологиялық салдары туралы сөз қозғады.

Кездесудің мақсаты – жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды БАҚ арқылы қоғамға жеткізу.

Басқа жаңалықтар

Back to top button