Басты жаңалық
Аягөз ауданының ауыл шаруашылығына 9,8 млрд теңге инвестиция тартылмақ

2031 жылға дейінгі өңірлік инвестициялық жобалар картасы аясында облыста ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған 85 ірі жоба іске асырылады. Соның 5-еуі Аягөз ауданында қолға алынып, жалпы құны 9,8 млрд теңгені құрайды.
Жобалар ет кластерін құру, сүт және құс шаруашылығын дамыту, суармалы егіншілікті кеңейтуге бағытталған. Президент Жолдауына сәйкес, 2026 жылы облыста ет комбинаты пайдалануға беріледі. Аягөзде мал бордақылау алаңдарын салу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Бақты – Аягөз теміржол желісінің салынуы және Қытайға құс өнімдерін экспорттауға шектеулердің алынуы өңірдің экспорттық әлеуетін арттырмақ.



