Басты жаңалықБілім
Курчатовта мектеп интернетіне қатысты заңбұзушылықтар анықталды

Курчатов қалалық прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында төрт мектепте интернеттегі тыйым салынған контентті шектейтін сүзгілер орнатылмағаны белгілі болды. Соның салдарынан оқушылар зиянды веб-ресурстарға еркін қол жеткізе алған.
Қазіргі таңда мұндай сайттарға қолжетімділік толықтай бұғатталды. Білім беру ұйымдарының басшыларына қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, айыппұл салынды.
Прокуратура ата-аналар мен педагогтарға балалардың интернеттегі белсенділігін бақылау қажеттігін ескертті.



