Басты жаңалық

Абай облысында жол сапасы сын көтермейді

Өңірде жергілікті маңызы бар жолдардың ұзындығы 8 052 шақырымды құрайды. Жыл соңына дейін олардың 89% қалыпты жағдайға жеткізу көзделген. Биыл жолдарды жөндеу мен күтіп-ұстауға 35,4 млрд теңге бөлініп, 109 шақырым жол орташа жөндеуден өтті.

Республикалық маңызы бар жолдар 2 176 шақырымды құрайды. Қазір ұзындығы 786 шақырым болатын 12 жоба іске асуда. Биыл 1,63 млн тонна асфальт өндіріліп, 390 шақырым жол пайдалануға берілді. Жұмысқа 8 мердігер, 1200 техника және 2000 маман жұмылдырылған.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» жыл басынан бері 79 нысанға 501 рет шығып, 3 304 сынама алған.

«Қарастырылып отырған мәселе өте маңызды. Өңірдегі жол сапасы сын көтермейтіні рас. Біздің басты мақсатымыз – облыстағы асфальтталған жолдың үлесін арттырып, жол қауіпсіздігін күшейту. Осы бағытта бірлесе жұмыс істеуіміз керек», — деді облыс әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button