Басты жаңалық
Татар мәдениеті Семейде

Семейде Абай облысындағы татар қоғамдық бірлестігінің 35 жылдық мерейтойына орай мәдени көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде татар халқының тарихы, өнері мен салт-дәстүрін таныстыратын құнды жәдігерлер мен қазіргі заманғы отандық өнімдер ұсынылды. Сонымен қатар суретші Руслан Шакабаевтың туындылары қойылды.

Шараға келген қонақтар көрмені тамашалап қана қоймай, татар мәдениетінің байлығы мен ерекшелігі туралы жан-жақты ақпарат алды.



