Мәдениет

Ұлы Дала сырлары Семейде

Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде Өскеменнің ШҚО тарихи-өлкетану музейі ұсынған «Ұлы Дала қазынасы» көрмесі ашылды.

Экспозиция археологтар Зейнолла Самашев пен Абдеш Төлеубаевтың 2016–2025 жылдары Абай және Шығыс Қазақстан аумағында жүргізген қазбаларынан табылған 28 мың жәдігердің бір бөлігін қамтиды.

Елеке сазы жайлауынан табылған алтындарды Семейге жеткізу бастамасы екі облыс әкімдерінің қолдауымен жүзеге асты.

Көрмеде ерте темір дәуірі мен орта ғасырларға тән жануарлы стильдегі алтын бұйымдар, көне керамика және қола артефактілерден тұратын 15 мыңға жуық экспонат қойылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button