Мәдениет
Сарғайған хаттар сөйлейді

Абайдың ұрпақтары майданнан хат жазған. Ақын әулеті Ұлы Отан соғысына қатысып, ел үшін ерлік көрсеткенін көпшілік біле бермейді.
Зерттеуші Молдабек Жанболатұлы 1988 жылдан бері Абай әулетінің шежіресін зерттеп келеді. Оның айтуынша, ақынның немерелері мен шөберелерінің көбі майданға аттанып, кейбірі оралмаған. Мысалы, Қалышер мен Құзайыр Мекайылұлы, Тоқташ Ізкәйілұлы соғыс даласында қаза тапқан.
Бірақ олардың артында елге жеткен майдан хаттары қалды. Сол сарғайған парақтарда туған жерге деген сағыныш, үміт пен рух бар. Осы хаттар арқылы біз Абай ұрпақтарының да ұлт рухын, елге деген адалдығын көреміз.



