Абай облысының әкімі Берік Уәли бастаған делегация Омбы қаласына келді

Абай облысының әкімі Берік Уәли бастаған ресми делегация Ресей Федерациясының Омбы қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында делегация мүшелері халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шара — «Ертіс: достық өзені – даму өзені» атты туристік-кәсіпкерлік форумға қатысуда.
Форум аймақтар арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, туристік байланыстарды кеңейту, ортақ инфрақұрылымдық және мәдени жобаларды ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған. Жиын барысында қатысушылар Ертіс өзенінің өңірлер үшін маңызы, екіжақты серіктестікті тереңдету және жаңа мүмкіндіктерді бірлесе іске асыру мәселелерін талқылады.
Берік Уәли бастаған делегация құрамында облыстық басқармалар басшылары, салалық мамандар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Олар форум шеңберіндегі секциялық жұмыстарға қатысып, өңірдің туристік және экономикалық әлеуетін таныстыруда.
Омбы қаласында өтіп жатқан бұл форум Абай облысы мен Ресейдің шекаралас өңірлері арасындағы іскерлік байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.



