Денсаулық

Ана қауіпсіздігі – басты міндет

Семей қаласында жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Қыс мезгілінде жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен өкпе ауруларының жиілеуіне байланысты болашақ аналарға медициналық бақылауды күшейту және алдын алу шараларын сақтау маңызды.

Мамандардың айтуынша, жүкті әйелдер иммунитеттің әлсіреуіне байланысты вирустық инфекцияларға бейім келеді. Сондықтан өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, алғашқы белгілер пайда болған жағдайда уақытылы дәрігерге қаралу аса қажет. Семей қаласындағы медициналық ұйымдарда жүкті әйелдер жоспарлы түрде бақылаудан өтіп, қажетті кеңестер ала алады.

Дәрігерлер жүкті әйелдерге адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеуге, жеке гигиена талаптарын сақтауға, бөлмені жиі желдетуге және өз бетінше ем қабылдамауға кеңес береді. Дене қызуы көтеріліп, жөтел немесе тыныс алудың қиындауы байқалса, медициналық көмекке дереу жүгіну қажет.

Ана мен бала денсаулығын қорғау – әр отбасының ғана емес, қоғамның ортақ жауапкершілігі. Уақтылы тексеруден өтіп, дәрігер кеңесін сақтау жүкті әйелдер үшін қауіптің алдын алудың ең тиімді жолы болып саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button