Басты жаңалық

Абай облысында 1 800-ден астам адам жұмыс тапты

Абай облысында жыл басынан бері 173 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкелерге 6 744 жұмыс іздеуші қатысып, нәтижесінде 1 856 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 661 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 1 195 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолданды. Атап айтқанда, 494 адам қоғамдық жұмысқа, 92 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 220 адам жастар практикасына, 278 адам «Күміс жас» жобасына, 28 адам алғашқы жұмыс орнына, 6 адам ұрпақтар келісімшарты аясында жұмысқа жіберілді.

Жыл ішінде облыста екі ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Біріншісі 22 тамызда Семей қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Job Fair» форматында өтті. Шараға 30-дан астам мекеме қатысып, 300-ден астам қала тұрғыны қамтылды. Екінші ауқымды жәрмеңке 27 қыркүйекте Еңбек күніне орай өткізіліп, оған 40 жұмыс беруші қатысып, 600-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button