Басты жаңалық

Аягөзде жаңа қосалқы станция іске қосылды

Аягөз қаласында өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Қала аумағында жаңа қосалқы станция пайдалануға берілді.

Жоба аясында бұрын 110 кВт кернеумен жұмыс істеген электр желілерінің қуаты 220 кВт-қа дейін ұлғайтылды. Нәтижесінде электрмен жабдықтау жүйесінің өткізу қабілеті арттырылып, тұтынушыларды жарықпен қамтамасыз ету деңгейі едәуір жақсарды.

Жаңа қосалқы станция Аягөз қаласын, сондай-ақ Мақаншы және Үржар аудандарын тұрақты әрі сенімді электр энергиясымен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастырып, әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындардың үздіксіз жұмыс істеуіне жол ашады.

Нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов қатысып, жобаның өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруда маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа қуат көздері өнеркәсіп кәсіпорындарын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етіп, экономиканың дамуына серпін береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button