Басты жаңалық

Бородулиха ауданында «Қайырымды істердің қысқы паркі» экологиялық акциясы өтті

Бородулиха ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жаңа форматтағы «Қайырымды істердің қысқы паркі» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараға жастар, оқушылар, мекеме қызметкерлері, еңбек ұжымдары, отбасылар мен белсенді тұрғындар қатысып, парк аумағын абаттандыруға бірлесе атсалысты. Акция барысында аумақ қар мен қоқыстан тазартылып, қоғамдық кеңістік сәндік элементтермен безендірілді. Сондай-ақ қауіпсіз жарық акценттері орнатылып, құстарға арналған жемсалғыштар қойылды.

Аталған бастама тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоғамдық орындарда жайлы әрі қауіпсіз орта құруға ықпал етті. «Қайырымды істердің қысқы паркі» акциясы жыл қорытындысындағы маңызды экологиялық шаралардың бірі ретінде әр азаматтың тазалық пен абаттандыруға ортақ жауапкершілігін көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button