Аймақта жастарға арналған зияткерлік ойын өтті

Абай облысында жастар арасында «Сын-қатерсіз жарқын болашақ» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Шара «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өтті.
Ойын мақсаты – жастарға заң талаптарын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлық пен лудомания сияқты зиянды әдеттерден аулақ болуды көздейді.

Зияткерлік сайысқа қала мектептерінің оқушылары мен аудандардан келген студенттер белсенді қатысты. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен ойлау қабілеттерін көрсетті.
Абай облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Олжас Түсіпбекұлы өңірде жастармен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Жыл бойы спорттық, мәдени және зияткерлік бағыттағы түрлі шаралар ұйымдастырылды.

Ойын барысында қатысушылар құқықтық сауаттылық, салауатты өмір салты және қоғам алдындағы жауапкершілік тақырыптарын қамтыған тапсырмаларды орындады.



