Конституциядағы өзгерістері: ұстаздар пікірі

Коалиция мүшелері Семей қаласындағы №5 гимназия ұжымымен кездесті. Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар өзара пікір алмасты.

Жиында Конституциядағы өзгерістердің мәні қарапайым тілде түсіндірілді. Коалиция мүшесі Асемхан Дускужанов адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті заңмен қорғалатынын атап өтті. Яғни, ешкімге зорлық көрсетуге немесе қорлауға жол берілмейді.

Ал Айрат Базенов білім беру мәселесіне тоқталып, әр азаматтың жоғары білім алуға құқығы бар екенін айтты. Сонымен қатар, мектептегі білім алу міндетті екені де еске салынды.
Облыстық мәслихат депутаты Қуаныш Қасенов референдумның маңызын түсіндіріп, бұл әр азаматқа елдегі маңызды шешімдерге қатысуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Кездесу соңында гимназия ұжымы 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырылды.



