Мәдениет

Құжат та, көше де қазақша сөйлей бастады

Абай облысында мемлекеттік тіл саясаты заң талаптарына сай жүзеге асырылып келеді. Осы бағытта облыс пен аудандарда 30-дан астам іс-шара өтті.

Жарнама мен көрнекі ақпараттағы тіл нормаларын сақтау үшін бизнес нысандарына мониторинг жүргізілді. Тексеріс барысында 1429 нысан қамтылып, бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

Мемлекеттік мекемелерде құжат айналымындағы қазақ тілінің үлесі 92 процентті құрады.

Өңірде тілдерді тегін оқытатын орталықтар жұмыс істейді. Биыл 1450 адам қазақ тілін меңгерді. Өзге тілдерде де оқыту жүргізілуде.

Ономастика бағытында да нақты жұмыстар атқарылды. Жол картасына сәйкес 22 көше қайта аталып, атауы жоқ тағы 22 көшеге жаңа атаулар берілді.

Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлердің есімдерін ұлықтау мақсатында бірнеше көшеге батырлар мен ардагерлердің аты берілді. Бұл жұмыс кезең-кезеңімен жалғасуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button