Мәдениет

Қыран елім – Қазақстаным!

Семейде Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік концерт өтеді. Басты мақсат – ел тәуелсіздігін дәріптеп, бірлік пен рухани жаңғыру идеяларын өнер тілімен жеткізу.

Кеште белгілі әртістер Досымжан Таңатаров, Мөлдір Әуелбекова, Мырзахан Маханов, Қайсар Мұхтарұлы, сондай-ақ жас орындаушылар Елбол Қуанбек пен Еркебұлан Мұсаев өнер көрсетеді. Ал музыкалық сүйемелдеуді «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрі мен Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі қамтамасыз етеді. Екі ұжымның бірлескен бағдарламасы ұлттық және симфониялық саздың үйлесімін паш етпек.

Мерекелік бағдарлама 24 қазан күні сағат 15:00-де Семейдегі Абай атындағы театрда өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button