Семейге арналған «Сәлем, Семей!» атты жаңа кітап жарық көрді

Семейге арналған «Сәлем, Семей!» атты жаңа кітап жарық көрді
Семей қаласында жергілікті тарих пен мәдени мұраны кеңінен танытатын «Сәлем, Семей!» атты жаңа кітап оқырманға жол тартты. Бұл басылым – Қазақстанның қалалары мен табиғатына арналған «Сәлем!» сериясының төртінші кітабы.
Кітапта Семейдің өткені мен бүгіні, мәдени құндылықтары, сирек тарихи деректері мен көрнекті орындары балаларға да, ересектерге де түсінікті тілде ұсынылған. Материалдар қала тұрғындарының өздері жинаған деректерге және жергілікті өлкетанушылардың зерттеулеріне негізделген.
Басылым «Прииртышье» өлкетану қоғамының материалдары мен Семейдің белсенді азаматтары ұсынған мәліметтерді қамтиды. Онда қаланың мәдени өмірі, тарихи ерекшеліктері, сондай-ақ Қазақстан аумағында футбол ойыны алғаш рет Семейде ойналғаны жөніндегі дерек келтіріледі.
«Сәлем, Семей!» кітабы Tentek Publishing House балалар баспасынан EA Charity Fund және Meloman Publishing қолдауымен жарық көрді. Жоба жергілікті мәдени мұраны сақтауға және қала тарихын жас ұрпаққа танытуға бағытталған.
Кітаптың иллюстрацияларын Семей қаласының тумасы, Невзоровтар отбасы музейі жанындағы көркем студияның түлегі Анастасия Кухтурцева салған. Суреттер фотосуреттерді көшірмей, қаланың рухын, ортасын және жергілікті атмосферасын авторлық стильде бейнелеуімен ерекшеленеді.
Басылым Семей тұрғындарына ғана емес, қала тарихына қызығушылық танытқан барлық оқырманға арналған. Кітап Meloman желісінде, музейлерде және қалалық кітапханаларда қолжетімді.



