Абай облысында сапасыз өнімге бақылау күшейтілді

Абай облысында «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасы іске асуда. Бастама 2023 жылы бекітілген.
Жыл басынан бері облыста ең көп сұранысқа ие азық-түлік өнімдерінен тұрақты түрде сынама алынып, олардың қауіпсіздігі мен сапасы зертханада тексерілді. Екі заң бұзушылық анықталған.
Осыған байланысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жоспардан тыс тексерулер жүргізіп, 4 әкімшілік хаттама толтырды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1 млн 218 мың теңгені құрады. Анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 3 нұсқама берілді.
Егер сіз сапасыз тауарға тап болып, тұтынушы ретінде құқығыңыз бұзылса немесе кеңес қажет болса, Семей қаласы, Абай көшесі, 99 мекенжайындағы Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне аласыз.



