Басты жаңалық

Берік Уәли №5 арнайы мектеп-интернатының жұмысымен танысты

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы №5 арнайы мектеп-интернатына барды.

1937 жылы құрылған білім ордасының жобалық қуаттылығы – 120 орын. Қазіргі таңда мұнда есту қабілеті бұзылған, сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар 129 оқушы білім алып жатыр.

Сапар барысында мектепке интерактивті тақта табысталды. Сонымен қатар тәрбиеленушілерге тәттілер таратылып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйланды.

Аймақ басшысы мектеп ұжымымен және оқушылармен тілдесіп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы жағдай жасау басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button