Әлеумет

Қиын сәтте қолдау көрсеткен «Ана үйі»

Өңірімізде 2015 жылдан бастап қызмет етіп келе жатқан «Ана үйі» ресурстық орталығы аналар мен балаларға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Жоба аясында аналарға материалдық көмек көрсетіліп, әлеуметтік-құқықтық және психологиялық қолдау ұсынылады.

Қордың негізгі бағыты – жесір әйелдер мен жетім балаларға көмек қолын созу, сонымен қатар жас аналардың баласынан бас тартуына жол бермеу. Осы мақсатта орталық мамандары бас тартудың алғашқы кезеңдерінде перзентханаларға барып, аналармен жеке сұхбат жүргізеді. Психологтар кеңес беріп, қажетті жан-жақты қолдау көрсетеді.

Бүгінге дейін орталықтың көмегіне 300-ден астам ана жүгінген. Мұнда ананың баласымен бірге қалуына қолайлы жағдай жасауға баса мән беріледі.

Сонымен қатар орталықта ұлттық салт-дәстүрге негізделген тәрбиелік және рухани бағыттағы шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. Егер осындай көмек қажет болса, «Ана үйі»ресурстық орталығына жүгінуге болады.

Back to top button