Спорт
«Семей» футзал клубы – Қазақстан кубогының екі дүркін жеңімпазы

«Семей» футзал клубы Қазақстан кубогының финалында «Ақтөбе» командасын 5:2 есебімен жеңіп, трофейді екінші жыл қатарынан иеленді. Осылайша, семейлік ұжым Қазақстан кубогы тарихында бұл жетістікке қатарынан екі рет қол жеткізген төртінші команда атанды.
Бұл жеңіс тек Семей футзалы үшін ғана емес, жалпы өңір спорты үшін де маңызды белес саналады. 2023 жылы құрылған клуб аз уақыт ішінде тұрақты ойын үлгісін қалыптастырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінде «Семей» жанкүйерлер сеніміне ие болып, ел футзалының көшбасшы командаларының біріне айналды.



