Басты жаңалық

Ерназар ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бесқарағай ауданына қарасты Ерназар ауылында 141-ші ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды. Нысан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жүзеге асырып жатқан «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында жаңғыртылды.

Жаңа бекет Ерназар ауылы мен Қоянбай, Морозовский лесхоз елді мекендеріне қызмет көрсетеді. Жауапкершілік аймағына 671 тұрғын үй мен 2 341 тұрғын кіреді.

Жаңғыртылған пункт ауылдық елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін күшейтіп, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button