Басты жаңалық

Қоғамдық қабылдау алаңында тұрғындардың ұсыныстары тыңдалды

“AMANAT” партиясы Абай облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сабильянов Нұртай Салихұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қоғамдық қабылдау барысында өңір тұрғындары әлеуметтік қолдау, еңбек қатынастары, тұрғын үй, инфрақұрылым және жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелерге қатысты сауалдарын қойды. Депутат әрбір өтінішті мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында түсіндірмелер берді.

Көтерілген мәселелердің бірқатары бойынша тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауал жолдау, ал кейбір өтініштерді партияның бақылауына алу жөнінде шешім қабылданды.

Айта кетейік, қоғамдық қабылдаулар “AMANAT” партиясының халықпен кері байланысын нығайтуға, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін жүйелі түрде қарауға бағытталған тұрақты алаң болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button