Басты жаңалық

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы өсті

1 қаңтардан бастап мемлекет төлейтін жәрдемақы мен зейнетақы 10 пайызға өсті. Бұл өсім Ұлттық банк белгілеген инфляцияның болжамды деңгейіне сай жүзеге асырылды.

Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңге, ал ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 118 пайызына дейін өсіп, 60 005 теңгені құрайды.

Мемлекеттік жәрдемақы мөлшері қалай өсті:

  • 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін ұлғаяды;
  • Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге дейін, 10 баласы барларға — 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін ұлғаяды;
  • I топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 101 702 теңгеден 111 872 теңгеге дейін, II топтағыларға — 81 362 теңгеден 89 498 теңгеге дейін, III топтағыларға — 55 474 теңгеден 61 021 теңгеге дейін ұлғаяды.

Сонымен қатар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін асыраушысынан айырылу және еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша төлемдер де 10%-ға артты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button