Басты жаңалық

Қалада шағын автобустар кезең-кезеңімен жаңартылуда

Жолаушылар тасымалының сапасын арттыру мақсатында қалада шағын автобустарды жаңа үлгідегі автобустарға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Жаңарту жұмыстарын Таксомоторный парк ЖШС жүзеге асырып жатыр. Қазіргі таңда жаңа автобустар тұрғындар арасында сұранысқа ие №16, №18 және №55 бағыттарына шығарылуда.

Жалпы саны 10 бірлік жаңа автобус кондиционерлермен және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Ертеңнен бастап олар желіге шығып, жолаушыларға штаттық режимде қызмет көрсетеді.

Биыл саяжай бағыттарына қатынайтын автобустарды да кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланған. Аталған тізімге №18 бағыт та енгізілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button