2026 жылдан бастап жеке басын куәландыратын құжаттарға мемлекеттік баж мөлшері өзгереді

Абай облысы ПД Көші-қон басқармасы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшері 4 325 теңге болатынын хабарлады. Осыған сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттарға алынатын мемлекеттік баж мөлшері қайта бекітілді.
ҚР азаматының паспорты:
24 бет – 17 300 тг; 36 бет – 34 600 тг; 48 бет – 51 900 тг.
ҚР азаматының жеке куәлігі және шетелдіктің ықтиярхаты – 865 тг.
Жеке куәлікті бір жылда екі реттен көп жоғалтқанда – 4 325 тг.
Азаматтығы жоқ адамның куәлігі – 34 600 тг.
Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, жеке куәлікті алғаш алу, мерзімі аяқталған жағдайда ауыстыру, азаматтық алу және жоғалған құжатты қалпына келтіру кезінде мемлекеттік баж алынбайды.
Бір жыл ішінде жеке куәлікті екі реттен көп жоғалтқан жағдайда төлем мөлшері 1 АЕК-ке дейін өседі.
Қабылданған өзгерістер рәсімдерді жеңілдетіп, азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталған.



