Басты жаңалық

Зейнетақы жарнасы өседі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері ұлғаяды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мәлімдеді.

Қазіргі таңда жұмыс берушілер қызметкерлерінің табысынан 3,5 пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Бұл қаражат қызметкердің жалақысынан ұсталмайды — жарнаны жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкердің міндетті зейнетақы жарналарына қосымша ретінде төлейді.

БЖЗҚ мәліметінше, бұл өзгеріс зейнетақы жүйесін нығайтып, азаматтардың болашақ зейнетақы жинағын арттыруға бағытталған.

Жаңа мөлшерлеме 2026 жылдың басынан бастап ресми түрде күшіне енеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button