Басты жаңалық

1 млн теңгеден асқан аударымдар тексеріледі

2026 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанның екінші деңгейлі банктері мобильді аударымдар бойынша белгіленген критерийлерге сай мәліметтерді салық органдарына ұсына бастайды.

Жаңа тәртіпке сәйкес, үш ай қатарынан 100-ден астам жіберушіден жалпы сомасы 1 млн теңгеден жоғары қаржы түскен азаматтар салықтық бақылауға алынуы мүмкін.

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, алғашқы мәліметтер биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 15 сәуірге дейін салық органдарына жолданады.

Бұл шара көлеңкелі табысты анықтау және қаржы айналымының ашықтығын арттыру мақсатында енгізіліп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button