Басты жаңалық
Құрылтай депутаттарын мандатынан айыру негіздері ұсынылды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Құрылтай депутаттарының өкілеттігін тоқтатуға қатысты жаңа нормалар ұсынылғанын айтты.
Оның сөзінше, депутат шетелге тұрақты кетсе, сот үкімі күшіне енсе, азаматтығынан айырылса немесе сайланған партиясы қызметін тоқтатса, мандатынан айырылады.

Сенатор депутаттарды мандаттан және ерекше құқықтан айыру мәселесін бұрынғыдай Орталық сайлау комиссиясы қарайтынын атап өтті.
– Бұл өзгерістер депутаттардың жауапкершілігін күшейтеді, – деді Нұрлан Бекназаров.
Ұсынылған нормалар әзірге талқылау сатысында. Қорытынды шешімді референдум қабылдайды.



