Басты жаңалық

Мемлекеттік қызметтегі меритократия – тиімділік пен әділдіктің негізі

Мемлекеттік қызмет – елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды сала. Бұл жүйеде меритократия қағидаты кәсіби әрі қабілетті мамандарды іріктеуге мүмкіндік береді. «Merit» ұғымы қабілет пен еңбекті білдірсе, мемлекеттік қызметте бұл қағида тағайындаулардың тек біліктілік пен нәтиже негізінде жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

2025 жылы Абай облысының жергілікті атқарушы органдарында меритократия қағидаты бойынша 120 мемлекеттік қызметші тағайындалды. Оның ішінде ішкі конкурстар нәтижесінде 63 қызметкер жоғары лауазымға көтерілді. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысы тоқсан сайын бағаланып, қорытынды нәтижелер көтермелеу, оқыту және қызметтік өсуді жоспарлауға негіз болады. Бағалау нәтижесі бойынша 31 қызметкер жоғары лауазымға тағайындалды.

Сондай-ақ ішкі ауысу тәртібі арқылы 26 қызметкер бір саты жоғары қызметке көтерілді. Бұл ретте қызметтік әдепті бұзу немесе тәртіптік жаза болуы қызметтік өсуге шектеу қояды.

Меритократия қағидаты мемлекеттік қызмет сапасын арттырып, басқару жүйесінің тиімділігін күшейтеді және халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтады.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті

Басқа жаңалықтар

Back to top button