Басты жаңалық

Абай облысында «Қауіпсіз аула» іс-шарасы өтуде

Қоғамдық тәртіпті нығайту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Абай облысының аумағында 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында, қоғамдық орындарда, демалыс аймақтарында және адам көп шоғырланатын жерлерде рейдтік тексерулер жүргізіп, құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған кешенді жұмыстар атқарды.

Нәтижесінде 63 құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді. Оның ішінде:

  • қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу немесе мас күйде жүру – 47 дерек;
  • ұсақ бұзақылық – 5 дерек;
  • тіркеусіз немесе рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу – 4 дерек;
  • алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзу – 6 дерек.

Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданып, құқық бұзушылармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындарға құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған ақпараттық ескертулер берілді.

«Қауіпсіз аула» іс-шарасы тұрғын үйлердің аулаларындағы қауіпсіздікті күшейтуге, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button