Басты жаңалық

Өңірді цифрландыруға бағытталған жобалар ұсынылды

Облыс әкімі Берік Уәли «Транстелеком» АҚ өкілдерімен кездесіп, өңірде жүзеге асыруға ұсынылған цифрлық жобалармен танысты. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Кездесу барысында басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Қуатов телекоммуникация, цифрландыру, қауіпсіздік және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды таныстырды.


Ұсыныстардың қатарында мектептер мен білім беру нысандарын цифрландыру, бейнебақылау және жасанды интеллект негізіндегі қауіпсіздік жүйелерін енгізу, мектептегі тамақтануды автоматтандыру, интернет желісін жаңарту бар. Сонымен қатар шалғай елді мекендерді жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамту, «ақылды» жарықтандыру жүйесін енгізу және қоғамдық орындарда цифрлық сервистерді дамыту жобалары ұсынылды.


Аймақ басшысы бұл жобалардың өңір үшін маңызды екенін атап өтті. Кездесу қорытындысында облыс әкімі жауапты басқармаларға ұсыныстарды зерделеп, нақты шешімдер дайындауды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button