Басты жаңалық
Сот төрелігінің қағидаттары күшейтілді

Жаңа Конституция жобасында сот жүйесіне қатысты маңызды өзгерістер қарастырылған. Сот ісін жүргізу нысандары кеңейіп, судьялардың тәуелсіздігі нығайтылады. Адвокатураның құқықтық мәртебесі алғаш рет Конституцияда нақты бекітіледі.
Сонымен қатар жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару бөлімі жаңартылған. Бұл өзгерістер Құрылтайдың құрылуы мен әкімшілік реформаны ескере отырып енгізілген.

Конституцияға өзгерістер енгізу тәртібі де нақтыланған. Енді Негізгі заңға түзетулер тек Президенттің шешімімен және жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданады. Референдум өткізуге бастама жасау құқығы Халық Кеңесіне де беріледі.



