Денсаулық

Абай облысында донор болуға келісім бергендер саны өсуде

Қазақстанда трансплантацияға мұқтаж адамдар саны жыл сайын артып келеді. Қазіргі таңда еліміз бойынша 4 мыңға жуық адам донорлық орган кезегінде тұр. Олардың ішінде 120-дан астамы – балалар.

Абай облысында 114 адам бүйрекке, 4 адам бауырға мұқтаж. Семейдегі бүйрек орталығында 309 науқас тұрақты гемодиализ қабылдайды. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 249 адам болған.

Медицина деректеріне сүйенсек, гемодиализдегі науқастардың орташа өмір сүру ұзақтығы 5–7 жыл, ал бүйрек трансплантациясынан кейін бұл көрсеткіш 10 жылдан асады.

Бүгінде елімізде 130 мыңнан астам адам қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берген. Оның 3 мыңға жуығы – Абай облысының тұрғындары.

Бұл деректер донорлықтың адам өмірін сақтауда және өмір сүру ұзақтығын арттыруда нақты рөл атқаратынын көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button