Мәдениет

Қала кітапханасы зерттеушілерге тарихи қор ұсынады

Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қорында еліміздің және өңірдің тарихына қатысты құнды архив материалдары сақталған. Мұнда «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Семей таңы», «Айқын» газеттерінің өткен жылдардағы сандары, сонымен қатар Абай өңіріне қатысты сирек кездесетін кітаптар жинақталған.


Кітапханада «Бастауыш мектепте оқыту», «Қазақстан мектебі», «Жұлдыз», «Денсаулық», «Ақиқат» журналдарының да бірқатар архивтік нөмірлері бар.

Мамандардың айтуынша, бұл материалдарды ғылыми және зерттеу жұмыстарына, тарихи деректерді зерделеуге пайдалануға болады. Архив материалдарын студенттер, зерттеушілер, журналистер мен өлкетанушылар ғылыми жұмыстарда, жобалар мен тарихи зерттеулерде кеңінен пайдалана алады.

Кітапхана Академик Павлов көшесі, 105 мекенжайында орналасқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button