Басты жаңалық

Жаңа Конституция: ел шекарасы өзгермейді

Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің шекарасы мен аумақтық тұтастығына қол сұғуға жол берілмейтіні нақты көрсетілген. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, қоғамда тараған «Конституцияда елдің әкімшілік-аумақтық тұтастығы өзгереді» деген пікір шындыққа жанаспайды.

— Еліміздің аумақтық тұтастығына ешқашан қол сұғылмайды және ол өзгермейді. Мұны қайта-қайта түсіндіру маңызды, себебі кей азаматтар арасында жалған ақпарат тарап жатыр, — деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституция жобасында мұндай әрекеттерге қазір де, болашақта да берік тосқауыл қойылғанын атап өтті. Атап айтқанда, жаңа преамбулада мемлекеттің шекарасы мен аумақтық тұтастығына қол сұғылмайтыны жазылған. Сонымен қатар 2-баптың 6-тармағында Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы өзгермейтіні нақ көрсетілген.

Оның сөзінше, бұл мәселе талқылауға да, болашақта референдумға да шығарылмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button