Заң

Семейде қонақта отырған азаматтың телефоны ұрланды

Семей қаласының полициясына 34 жастағы тұрғын жүгініп, қонақта отырған кезде iPhone 13 маркалы ұялы телефоны жоғалғанын хабарлаған. Оның айтуынша, қонақтар бөлмеден шыққаннан кейін телефонының орнында жоқ екенін байқаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері ұрлыққа күдікті ретінде 19 жастағы қала тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Тексеру кезінде күдікті кінәсін мойындағанымен, ұрланған телефон әзірге табылған жоқ.

Аталған дерек бойынша «Ұрлық» фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктіге келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Полиция департаменті тұрғындарды жеке мүліктеріне мұқият болып, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button