Мәдениет

Семейде сенім мен сезімді таразылаған жаңа қойылым сахналанды

Семей қаласында көрерменге «SENIM | Махаббат паролі» атты романтикалық комедия ұсынылды. Қойылым заманауи қоғамдағы қарым-қатынас, сенім және махаббат тақырыбын қозғайды.

Спектакль желісі бүгінгі цифрлық дәуірдегі адамдар өмірін, барлық құпия мен сезімнің қалтамыздағы шағын құрылғыға тәуелді болып бара жатқанын көрсетеді. Қойылымда бір ғана хабарламаның жылдар бойы қалыптасқан сенім мен қарым-қатынасқа қалай әсер етуі мүмкін екені сахна тілімен жеткізіледі.

Авторлар көрерменді «біз жақындарымызды шынымен қаншалықты танимыз?» деген сауал төңірегінде ойлануға шақырады. Спектакль барысында күлкі мен сезім, ой мен толғаныс қатар өріліп, көрермен өміріндегі таныс жағдайларды сахнадан көре алады.

Айта кетейік, спектакль ертең сағат 17:00-де қайта сахналанады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button