Басты жаңалық
Конституция жобасына 4 мыңнан астам ұсыныс түсті

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия отырысында Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасына халықтан 4 мыңнан астам ұсыныс түскенін айтты.
Оның сөзінше, азаматтар, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдар жобаға белсенді қатысып, түрлі ұсыныстар білдіруде. Комиссия олардың әрқайсын қарап, бірқатарын құжатқа енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Ұсыныстар баптарды нақтылап, құқықтық нормаларды күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдегі мәтінді жетілдіру жұмыстары орыс тіліндегі нұсқаны да жақсартуға ықпал етіп отыр.


