Басты жаңалық

Жаңа Конституцияда еңбек адамының құқықтары күшейтіледі

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Мәжіліс депутаты Максим Рожин жаңа Конституция жобасында еңбек адамын қорғауға ерекше мән берілгенін айтты.

— Өңірлерге барғанда жұмысшылар өндіріс қауіпсіздігі, әділ жалақы, ескі жабдық, төленбейтін артық жұмыс уақыты және өз құқықтарын қорғау мәселелерін жиі көтереді. Жаңа Конституция нормалары дәл осы еңбек адамдары үшін маңызды. Еңбек адамы экономиканың құралы емес, мемлекеттің басты құндылығы. Жобада әркімнің еңбек етуі, қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуі және әділ жалақы алу құқығы конституциялық деңгейде бекітіледі, — деді Максим Рожин.

Жаңа Ата заң жобасында еңбекке құрмет пен еңбекқорлық құндылықтарын бекіту қарастырылған. Бұл әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып, әр адамның қадір-қасиетін қорғауға бағытталған.

— Еңбек ету құқығының Конституцияда бекітілуі еңбек адамын қоғам мен экономикадағы маңызды тұлға ретінде мойындау деген сөз. Бұл мамандарға ертеңгі күнге сенім беріп, өзін дамытуға және кәсіби өсуіне мүмкіндік ашады, — деді депутат.

Басқа жаңалықтар

Back to top button