Әлеумет

Шағын наубайхана ауылды нанмен қамтып отыр

Ойшілік ауылының тұрғыны, атаулы әлеуметтік көмек алушы Азегүл Кажетбекова мемлекеттік грант иегері. Мүмкіндікті тиімді пайдаланып шағын наубайхана ашты. Кәсіп бастау үшін қажетті құрал-жабдықтарын алып, бүгінде ауыл тұрғындарын жаңа піскен нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Шамамен күніне 100-200 нан пісіреді.

Қазіргі таңда наубайхана ауыл халқының сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, бір адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Кәсіпкер алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, қызмет аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Бұл бастама ауылдағы шағын бизнестің дамуына серпін береді. Жаңа жұмыс орындары құрылады. Ауылды жерде де кәсіп бастап, табыс табуға болады. Ең бастысы мүмкіндік пен ниетті дұрыс пайдаланып, жаңа іске батыл қадам жасау.

Басқа жаңалықтар

Back to top button