Спорт
Асаубаева Костенюкті жеңіп, жаңа белеске шықты

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева шахматтан 12-ші әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңді.
Төрт партиядан тұрған матч қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды. Қорытынды есеп – 2,5:1,5.
Бұл жеңістің нәтижесінде Бибісара Асаубаева 2027 жылы фристайл-шахматтан (Фишер шахматы) өтетін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.
Сарапшылар бұл нәтижені қазақстандық шахматтың халықаралық аренадағы маңызды жетістігі ретінде бағалап отыр.



