
Мәжіліс ішкі туризмді және балалар спортын қолдауға бағытталған заң жобасын қарау барысында бірқатар түзетулер енгізді.
Спорт мектептері жаңа қаржыландыру жүйесіне көшеді
Нәтижесінде бір баланы жыл сайын даярлауға бөлінетін қаражат 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Сонымен қатар спорт мектептеріндегі жаттықтырушылар мен мұғалімдердің жалақысы өседі. Жас мамандардың айлығы 150 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.



